Шымкентте полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласы Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан қалалық полиция департаментінің маңында әйел адамды көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға кеше, 28 тамызда болған.

Қалалық полиция департаменті әйелді соққан көлікті полиция қызметкері жүргізгенін растады. Бейресми мәліметке қарағанда, ол Абай аудандық полиция бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істейді.

"Әйел адам ағаштардың арасынан кенеттен жүгіріп шығып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталмады: ол масаң күйде болмаған және жылдамдық режимін сақтаған". Шымкент полиция департаменті

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Департамент кешенді тергеу іс-шаралары басталғанын жеткізді.

Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада түнде екі жол жұмысшысын көлік қағып кетті, біреуі қаза тапқанын хабарлаған едік.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі