Қыркүйектегі ауа райы: қар аралас жаңбыр, үсік және +40°С-қа дейінгі аптап ыстық

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың қыркүйегіне ауа райына болжам ұсынды. Оған сәйкес, күздің алғашқы айында Қазақстанда үсік, қар аралас жаңбыр және +40°С-қа дейін жететін аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйектің басы

Болжам бойынша, айдың басында, батыс өңірлерді қоспағанда, республика аумағында суық ауа массаларының әсерінен күн суытады.

"Салехард аудандарынан келген суық ауа әсерінен ауа температурасы төмендеп, республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр) күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз хабарламасында.

Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі.

"Жауын-шашын тоқтаған кезде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда алғашқы үсік қаупі бар. Түнде және таңертең республиканың солтүстік жартысында тұман түсуі ықтимал", - деп нақтылады "Қазгидромет".

Айдың алғашқы онкүндігіндегі ауа райы: 

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде

Температура жиі құбылып тұрады:

"Бұл айлық болжам кеңес түрінде ұсынылады және синоптикалық жағдайға байланысты алдағы уақытта нақтыланып, онкүндік ауа райы болжамдарымен түзетіледі", - деп түсіндірді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты

Мектеп сөмкесі қандай болуы керек: Денсаулық сақтау министрлігінің кеңестері

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды