Қазақстанда 2-4 қыркүйек аралығында күн күрт суытады

Сурет: unsplash
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа райы айтарлықтай суытады. Бұл туралы 2, 3 және 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын таратқан «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің айтуынша, елдің ауа райына Новая Земля аймағынан келген суық ауа массаларымен күшейген антициклон әсер етуде.

"Ол Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуін әкеледі. Батыс солтүстік, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта термометр бағаны +2…+8°С-қа дейін төмендейді, топырақ бетінде -2°С-қа дейін үсік жүреді. Тіпті оңтүстік-шығыс аймақтарда да күндізгі ыстық басылып, ауа +20…+28°С шамасында болады. Тек батыс пен оңтүстік-батыста ғана кезеңнің басында Ираннан келген жылы ауа ағындары әсерін сақтап, +32…+40°С ыстық болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Бұған дейін синоптиктер қыркүйектегі ауа райына болжам ұсынған еді. Онда Қазақстанда күздің алғашқы айында үсік, қар аралас жаңбыр және +40°С-қа дейінгі аптап ыстық болатыны айтылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді