Қазақстанда жаңа су қоймасы салынады

Фото: unsplash
Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр.

Жобаны уақытылы әрі сапалы іске асыру үшін "Қазсушар" РМК-ның жергілікті филиалы мамандары, Ақсуат ауданы әкімдігінің қызметкерлері және мердігер ұйым өкілдерінен құралған комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді.

"Тексеру барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімдігімен бірлесіп ішкі каналдар да қаралды. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына қатысты жобалау-сметалық құжатты әзірлеумен айналысады. Жаңа су қоймасы мен магистральді каналдар аудандағы ирригациялық жүйелердің толыққанды әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді", – деді Абай облысындағы "Қазсушар" РМК филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарлаған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда