Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексі өсті

Фото: Zakon.kz
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексінің тұрақты өсімі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық орташа мән 2,5 пунктке өсіп, 2023 жылғы 56,1 балмен салыстырғанда 58,6 балды құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сегіз өңір орташа көрсеткіштен асып түсті – 59,4-тен 64,6 балға дейін. Көшбасшы – Ақтөбе облысы, нәтижесі 64,6 балл, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пунктке жоғары. Жоғары деңгейін Павлодар облысы да сақтап отыр – 63,3 балл. Айтарлықтай өсім Алматы қаласында (+6,9) және Қостанай облысында (+6,4) байқалды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап Қазақстанда Балалар әл-ауқаты индексі енгізілді. Ол өңірлер арасындағы және халықаралық көрсеткіштермен салыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттің және қоғамның назарын балалық шақ мәселелеріне аударады", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Индекс төрт бағыт бойынша 56 индикаторды қамтиды:

"Ол 35 статистикалық және 21 сауалнамалық көрсеткіш негізінде қалыптасады, олар баланың денсаулығы мен дамуын, отбасылық және әлеуметтік ортаны, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экология және инфрақұрылым салаларындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтиды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап балалардың құқықтарын қорғау саласында қандай жаңалықтар күтілетінін хабарлаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді