Қазақстанда бензин бағасы қымбаттай ма

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Аккенженов 2025 жылғы 8 қыркүйекте қазақстандықтардың бензин бағасының әрі қарай өсуіне қатысты алаңдаушылығына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер доллардың күшеюі мен көршілес Ресейдегі жанармай тапшылығы аясында Қазақстанда да баға өсуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.

"Мұнда долларға ешқандай байланыс жоқ шығар. Ішкі сұраныс пен ұсыныс бар, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы жағдайға байланысты халықтың алаңдауы бар: бәрібір 7 мың шақырымға жуық шекараны айналып өту мүмкін емес. Сондықтан бұл жағдай азаматтарымызда белгілі бір алаңдаушылық тудырып отыр", – деді Ерлан Аккенженов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда АИ-95 маркалы бензин бойынша жағдай тұрақты.

"Өткен аптада бізде 21 күндік қор болса, осы аптада 26 күнге жетті. Қор көбейіп жатыр, зауыттар тұрақты жұмыс істеуде. АИ-92 бойынша да жағдай осындай. Ресейдегі жағдай бізде қайталанады деп ойламаймын", – деп атап өтті министр.

Ол жауапты ведомство елден бензин шығаруға тыйымды үнемі ұзартатынын еске салды.

2025 жылғы 27 тамызда министр осы күзде жанармай тапшылығы болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті