Президент Жолдауы: Үкімет жасанды интеллект пен цифрландыру саласында тапсырмалар берді

Фото: freepik
Цифрлық штаб Президент Жолдауын іске асыру мақсатында бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назар Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге аударылды, деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берілді:

"Денсаулық сақтау саласында ЖИ дамытуға негіз болатын НҚА-ға өзгерістер енгізу медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистенттер, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға арналған функционал", – делінген хабарламада.

Жыл соңына дейін жеті ақпараттық жүйені екіге біріктіру жоспарланып отыр. Жалпы, осындай жұмыстарға қазіргі жұмыс істеп тұрған 30 АЖ қамтылатын болады. Осылайша қайталанатын жүйелер біріктіріліп, медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.

Қалалық инфрақұрылымды тексеру үшін құбырлардың ішінен қозғалып, олардың ағымдағы жағдайын тіркейтін арнайы датчиктермен жабдықталған құрылғыларды пайдалану көзделген.

"Бұл шаралар мониторинг жүргізуге, дер кезінде әрекет етуге, ақаулар мен жөндеу жоспарларының бірыңғай дерекқорын құруға бағытталған. ЖИ енгізу де еңбек шығындарын азайтып, тұрақты энергиямен жабдықтауға және жылыту маусымын ойдағыдай өткізуге ықпал етеді", – деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің пікірінше, Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының құрылуы энергетикалық жүйенің киберқауіпсіздік шараларын күшейтеді. Орталық мамандары саланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін энергетикалық нысандарға тән ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа талаптарды әзірлейді.

Бұған дейін Қазақстанда Amazon компаниясының интернет қызметі пайда болатыны белгілі болған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды