Қазақстанда тұрғын үй бағасы күрт қымбаттады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда жылжымайтын мүлікке инвестиция салу тартымдылығын жоғалтып барады: бағаның өсуіне қарамастан, 2025 жылы бұл өсім инфляцияны жаба алмай отыр. Нарық капиталды көбейтудің емес, оны сақтап қалудың құралына айналуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың тамыз айы Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы қымбаттау үрдісінің жалғасып жатқанын көрсетті. Бұл өсім барлық сегменттерде байқалды: бастапқы, қайталама нарық және жалдау бағасы. Ең қатты қымбаттау ірі қалалар мен өндірістік орталықтарда тіркелген.

Сегменттер бойынша өсу динамикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылдың тамыз айында жылжымайтын мүлік нарығының өсу қарқыны жеделдеген:

Қай қалаларда ең көп баға өсімі болды:

Аймақтар бойынша айырмашылықтар

2025 жылдың тамызындағы орташа бағалар тұрғын үй және жалдау құны бойынша аймақтық алшақтықты көрсетті.

Жаңа тұрғын үй сату:

Қайталама тұрғын үй:

Ел бойынша орташа баға – 558 533 теңге/ш.м.

Жалға алу:

Инфляция мен ипотеканың рөлі

Экономистердің айтуынша, қазіргі жағдай тек нарықтық факторларға ғана емес, сыртқы әсерлерге де байланысты.

Экономист Руслан Сұлтановтың пікірінше, жалдау ақысының тамыздағы күрт өсуі – маусымдық фактор, оқу жылының басталуымен студенттердің ірі қалаларға ағылуына байланысты. Ал тұрғын үй бағасының жаз соңында өсуі – сирек кездесетін құбылыс, бұл сұраныстың жандануын көрсетеді.

"Жылжымайтын мүлік әлі де капиталды сақтауға мүмкіндік беретін қорғаныш актив болып қала береді. Бірақ нақты табыстылық инфляциядан төмен. Арендалық кіріс (+16,2%) бастапқы және қайталама тұрғын үй бағасынан (+7,8%) жоғары болғандықтан, нарық енді спекулятивтік табыс емес, пассив табыс көзі ретінде тартымдырақ", – деді Руслан Сұлтанов.

Ал экономист Эльдар Шамсутдинов бағаның өсу себебін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардан көреді.

"Жеңілдетілген ипотека – бағаның мультипликаторы. Ол мәмілелердің көбеюіне себеп болып, бір айдан соң баға өседі. Мемлекеттік қолдау тетігі бастапқыда әлеуметтік мақсатта жасалса да, іс жүзінде ол актив инфляциясын арттырып, жергілікті нарықтардың қызып кету қаупін тудырады", – дейді ол.

Шымкент пен Қызылордада жеңілдетілген ипотеканың әсері ерекше байқалған: мәмілелер санының өсуі бағаның күрт көтерілуімен тұспа-тұс келген. Алматы мен Астанада бұл әсер аздау, себебі бұл қалаларда нарық құрылымдық сұраныс пен көші-қон ағынына негізделген.

Құрылыс инфляциясы бағаға әсер етпеген

Құрылыстың өзіндік құны жылына 2–3% ғана өскен. Ал тұрғын үй бағасы әлдеқайда жылдам қымбаттап жатыр. Бұл құрлысшылардың пайда маржасының рекордтық деңгейде екенін және нарықтың классикалық тауар нарығы емес, қаржылық активтер логикасымен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды