Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ) бүгін, 2025 жылғы 10 қыркүйекте скринингтер мәселесі бойынша ел азаматтарына жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел азаматтарына скрининг аурудың алғашқы белгілері байқалмай тұрып, денсаулық жағдайын алдын ала тексеру шарасы екені жеткізілді.

"Адам өзін жақсы сезінгенімен, денесіндегі кейбір алаңдатарлық белгілерді байқамауы немесе мән бермеуі мүмкін. Дәл осы кезде скрининг аурудың бастапқы кезеңін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл адамға өмір салтын дер кезінде өзгертуге кеңес беруге, қажет болса емдеуді ертерек бастауға жол ашады. Скринингтік тексерулер аурудың асқынуына жол бермей, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін ауыр зардаптардан қорғауға көмектеседі". ҚР ДСМ баспасөз қызметі

СКРИНИНГТЕН ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ӨТУГЕ БОЛАДЫ?

Скринингтен өту тәртібі мен көлемі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекспен реттеледі.

Аталған Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексерулер мен скринингтік зерттеулерден міндетті түрде өтуі тиіс.

Тіпті, ешқандай шағым немесе белгілер болмаған күннің өзінде скрининг тексеруінен өту – өз денсаулығыңызға сенімді болудың ең тиімді жолы.

Скринингтер тегін жүргізіледі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің шеңберінде.

Скринингтен тіркелген емханаңызда өте аласыз. Ол үшін жеке куәлігіңіздің болуы жеткілікті.

СКРИНИНГ ҚАНДАЙ АУРУЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН?

Құзырлы ведомство атап өткендей, скринингтік тексерулер келесі ауруларды ерте анықтауға және алдын алуға бағытталған:

"Бұрын онкоскринингтер тек сақтандырылған азаматтар үшін ғана қолжетімді болса, 2025 жылдан бастап олар ТМККК пакетіне енгізілді. Енді бұл тексерулер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар үшін қолжетімді". ҚР ДСМ баспасөз қызметі

ҚАНДАЙ ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТАР СКРИНИНГТЕН ӨТЕДІ ЖӘНЕ ЖИІ МЕ?

Скринингтен өту жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жүргізіледі:

Скринингке тіркелген емханаңызда жеке куәлігіңізбен баруыңыз қажет.

НЕГЕ СКРИНИНГТІ ЕСКЕРМЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

"Көптеген аурулар ерте кезеңде ешқандай белгісіз өтеді. Сіз қауіпті дерттің дамып жатқанын білмей қалуыңыз мүмкін. Скрининг – ауруды оның клиникалық белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Ерте басталған ем – тиімді әрі нәтижелі".ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Скринингтің пайдасы:

СКРИНИНГКЕ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Скринингке жазылу үшін:

Көп жағдайда учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер тұрғындарды жас және басқа критерийлер бойынша тізімдеп, өздері шақырады.

СКРИНИНГТЕН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

"Егер скрининг нәтижесінде қандай да бір ауытқулар анықталса, сіз нақты диагноз қою үшін қосымша тексеруге немесе маманға жіберілесіз. Ауру расталған жағдайда – емдеу мен бақылау тағайындалады. Егер ешқандай ауытқу болмаса – денсаулығыңыздың жақсы күйде екендігі расталып, алдын алу бойынша кеңес аласыз". ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Бұған дейін танымал ресейлік дәрігер Александр Мясников елдегі ең қауіпті дәрі атауын атаған болатын.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты