Батыс Қазақстанда кітапхана бухгалтерлері 46 млн теңге жымқырды деп айыпталуда

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Батыс Қазақстан облысында екі бухгалтер сотқа тартылды. Оларға аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келтірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері мен бухгалтері 2023 жылдан 2025 жылға дейін қылмыстық сөз байласып, "өлі жандарға" жалақы түрінде ай сайын ақша аударып отырған. Кейін бұл қаражат өздерінің банк карталарына түсіп отырған. Олардың заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке 45,9 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

"Теректі ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде кінәлі тұлғалар анықталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді", – деп хабарлады Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі доллар бағамын пессимистік сценарий бойынша атаған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті