Ақтау прокурорының Алматы әуежайында ұсталуына қатысты іс жабылды

Сурет: Ақтау прокуратурасы
Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты істі қарап, оның әрекеттерінен құқықбұзушылық құрамын таппады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істі судья Иниятулла Досетов 10 қыркүйекте қарады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық құрамын анықтамады. Яғни, Әбдіров қоғамдық жерде бейәдеп сөздер айтпаған, өзге адамдарға тиіспеген және қоршаған ортаға құрметсіздік танытатын, жеке тұлғалардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасамаған.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, оқиға 27 тамызда болған. Әбдіров Алматы әуежайында өз жерлестері болып шыққан екі ағайындымен танысқан. Кейін ұшаққа апаратын автобуста қандай да бір оқиға орын алғаны айтылды. 28 тамызда Алматы әуежайы ЛОП қызметкері Әбдіровке қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Сотта ағайындылар прокурормен араларында жанжал болмағанын айтып, оған ешқандай шағымдары жоқ екенін жеткізді.

Сот сондай-ақ автобустың қоғамдық көлік болып саналмайтынын, ол арнайы көлік екенін ескерді. Сараптама қорытындысына сәйкес, прокурордың "санасы анық, сөзі байланысты, ойды жеткізуі бұзылмаған, уақытқа, өз тұлғасына және жағдайға дұрыс бағдарланғаны" анықталды.

9 қыркүйекте Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіровтің ұсталғаны хабарланған еді. Маңғыстау облысы прокуратурасы қызметтік тексеру бастаған болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды