Көкшетауда полицейдің жедел әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алды

Сурет: ҚР ІІМ
Көкшетау қалалық полиция басқармасына түскен дабылға дер кезінде жеткен тәртіп сақшысы ер адамның өмірін сақтап қалды.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына Юбилейный көшесі 3-үйдің төбесінде ер адамның секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түсті.

Шақыруға жедел жеткен "Әскер-3" автопатрулінің маршрутына бекітілген патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Азамат Албақов дереу әрекет етті. Ол шатырға көтеріліп, соңғы сәтте ер адамды ұстап қалып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Кейін анықталғандай, ер адам мас болған. Оның сөзінше, ол пәтерінің кілтін жоғалтып алғандықтан, бесінші қабаттағы үйіне шатыр арқылы түсуге әрекеттенген.

Бұған дейін де осындай тәсілді қолданып көргенін мәлімдеді.

"Осындай шақыртулар кезінде бір ғана ой – ең бастысы адамды құтқару", – деді Азамат Албақов.

Оның айтуынша, мұндай сәттерде адамның тағдыры тәртіп сақшысының әрекетіне тікелей байланысты болуы мүмкін. Оқиғадан кейін ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол учаскелік инспекторға тапсырылды.

Полиция қызметкерлері тұрғын үйге мұндай жолмен кірудің аса қауіпті әрі заңға қайшы екенін ескертті. Егер кілт жоғалған жағдайда, азаматтарға есікті қауіпсіз әрі заңды түрде ашуға көмектесетін арнайы қызметтерге жүгіну ұсынылады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады