Астанада блогер Жаңабыловтың жұбайының үстінен сот басталды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылдың 15 қыркүйегінде Астанадағы Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта блогер Ерболат Жаңабыловтың жұбайы – Эльмира Төлегеноваға қатысты заңсыз лотерея өткізу дерегі бойынша іс қарала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Адвокат Олег Черновтың айтуынша, оған тағылған айыптар күйеуіне тағылған айыптармен бірдей. Яғни, Эльмира Төлегенова заңсыз лотереялық қызметке қатысқан деген күдікке ілінген.

Бүгінгі сотта ерлі-зайыптылардың үстінен қозғалған екі іс те қаралуы тиіс.

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Еске салсақ, 2025 жылғы 5 қыркүйекте осы сотта блогер Ерболат Жаңабыловқа қатысты дәл осындай іс қаралған болатын.

Уәкілетті органдардың мәліметінше, Ерболат Жаңабылов өзінің Instagram желісіндегі "zhanabylov_e" аккаунты арқылы көлік, ақша және бағалы сыйлықтарды ойнатқан. Бұл әрекет заңсыз лотерея ретінде бағаланған. Белгілі болғандай, қатысушылар "Zhana Busunes" ЖШС-нің оқыту курстарына 30 мың теңге төлеп қатысқан.

2025 жылы 24 тамызда Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желіде бағалы сыйлықтар ұтысын өткізетін жоғарыда аталған блогерлердің лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді бастағаны белгілі болды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды