Алматыда полицейлер электросамокатпен патрульдеуге көшті

Сурет: Алматы қаласы Полиция департаменті
15–30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту, құқықтық тәртіпті нығайту және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.

"Ерекше назар микромобильді көлік құралдарын, әсіресе электросамокаттарды пайдаланушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға аударылуда. Полицияның саптық бөлімшелерінің қызметкерлері жастар көп шоғырланатын орындарда ауқымды науқан өткізді. Патрульдеуге 50 электросамокатты пайдаланатын полицей жұмылдырылды. Бұл тәртіп бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және тұрғындарға жақын болуға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.

Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтің айтуынша, полицейлердің мақсаты – тек құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу және белсенді құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

"Әрбір микромобильді көлік құралын пайдаланушы өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс", – деді ол.

Бұған дейін полицейлер балалардың цифрлық сауаттылығы неліктен маңызды екенін айтып берген болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі