Елордада полиция камераның көмегімен есірткі таратушыларды ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Елордада нашақорлыққа қарсы айлық аясында прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері бірқатар есірткі қылмыстарының жолын кесті. Соның нәтижесінде ірі көлемде есірткі жеткізу арнасы анықталып, тоқтатылды.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары күдікті әрекеттерді дер кезінде байқап, тиісті шара қолданды. Гараж маңында ер адам мен әйелдің жерден бір нәрсе іздеп жүрген қимылы күдік туғызған.

Тексеру барысында олардың интернет арқылы тапсырыс берген "альфа-PVP" есірткісін жасырын мекенжайдан алмақ болғаны белгілі болды. Тағы бір жағдайда бейнекамераға жас жігіттің күдікті әрекеті жазылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция 20 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның жанынан "Скорость" деп аталатын есірткі заты салынған 10 түйіншек тәркіленді. Тергеу нәтижесінде жігіттің есірткіні таратушы ретінде жұмыс істегені анықталды.

Сонымен қатар жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы ер адамның ізіне түскен полицейлер оның оңтүстік өңірден ірі партиямен есірткі қабылдап, елорда аумағында таратумен айналысқанын әшкереледі.

Тыйым салынған заттар оған делдалсыз, жол бойына жасырылып қойылатын тәсілмен жеткізіліп отырған. Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 21 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 11 келі гашиш пен 10 келі марихуана бар.

Сараптама қорытындысы ер адамның оқиға кезінде есіркілік мас күйде болғанын көрсетті. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Барлық дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз