"Құрметті алматылықтар және қала қонақтары! Алматы облысы аумағындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өртке байланысты қалада аздап түтін байқалып отыр", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдары жұмылдырылған: Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД-дан, 28237 әскери бөлімінен (Ұзынағаш ауылы), "Қазселқорғау"-дан, Алматы қаласы ТЖМ құтқару қызметінен, полиция мен жергілікті органдардан 150 адам және 70-тен аса техника тартылды.
"Жалынның жақын маңдағы аумақтарға тарау қаупі жоқ. Сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа назар аударуларыңызды сұраймыз", - деп мәлімдеді ТЖД.