Алматы маңындағы полигондағы өрт ауа сапасына әсер етті ме

Сурет: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысы әкімдігі Алматы-Қонаев автожолының 35-шақырымындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде жүргізілген ауа сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

15–16 қыркүйек күндері 288 сынама алынып, олардың бір бөлігінде шекті мәннен асып кеткен көрсеткіштер анықталды. Осыған орай тұрғындарға, әсіресе балалар мен қарттарға және тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы бар адамдарға алдын алу шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық берілді.

Әкімдік ақпаратынша, 17 қыркүйекте сол нүктелерде жүргізілген қайта тексерулер нормаларға сай нәтижелер көрсетті. Қазіргі таңда ауа сапасы желдің бағытына байланысты тұрақты түрде қадағалануда.

"Маңыздысы, 15–17 қыркүйек аралығында улану жағдайлары тіркелмеген және медициналық мекемелерге шағымданғандар болмаған. Зардап шеккендер жоқ",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шыққандығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді