БҚО-да бірнеше көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталды

Фото: freepik
Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция ақпаратына сүйенсек, ол қала аумағында автокөліктерден ұрлық жасаумен айналысқан.Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта автотұрақтарда тұрған көліктердің терезелерін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштер мен жеке заттарды ұрлағаны анықталды.

"Оның шілде және тамыз айларында Орал қаласында 11 ұрлық жасағаны белгілі болды. Келтірілген жалпы шығын 5 миллион теңгеден асты. Ұрлық фактілері бойынша күдіктіге қатысты тергеу жүргізілді",- делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Астаналық әйелден мефедрон тәркіленгенін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды