Алматыда салықтан жалтарған қылмыстық топ мүшелері түрмеге қамалды

Фото: freepik
Алматыда жалған шот-фактураларды пайдалану арқылы салықтан жалтаруға байланысты қылмыстық іс тергеліп аяқталды. Бұл туралы 2025 жылдың 18 қыркүйегінде қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы органның дерегінше, заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде – 686 млн теңге шығын келген.

Тергеу барысында бір топ адамның тауар, жұмыс және қызмет көрсетпей-ақ жалған шот-фактура рәсімдеу арқылы қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды.

"Заңсыз әрекеттердің ізін жасыру және салықтық бақылаудан жалтару үшін жалған бірігу рәсімделіп, одан кейін құжаттар ресімделген серіктестік формалды түрде таратылған", – делінген прокуратура хабарламасында.

Қалалық прокуратураның араласуынан кейін бұл заңсыз бірігу күші жойылды. Факт бойынша дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сот алты қатысушыны ҚР Қылмыстық кодексінің:

Сот шешімімен олар кінәсінің ауырлығына қарай 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда балаларды шетелдік жоғары оқу орындарына 100% қабылдатамын деп уәде беріп, 168 млн теңге жымқырған алаяққа үкім шыққаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды