Елордада полицейлер ер адамның өмірін құтқарып қалды

Сурет: polisia.kz
Астанада патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында 35 жастағы қала тұрғынының өмірі аман сақталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, "102" арнасына хабар түн ортасында келіп түсті. Ер адам өзі қоңырау шалып, подъездің 13-қабатындағы балконнан секірмек болғанын айтты. Полицейлер оқиға орнына жеткенде, ол жартылай асылып тұрған.

"Оқиға орнына полиция полкінің капитаны Ермек Жәкен мен аға лейтенант Танат Бостанов дереу аттанды. Жағдайды бағамдаған олар ер адаммен сақтықпен сөйлесіп, оны қайғылы қадамнан айнытуға тырысты. Тәртіп сақшылары подъезге жасырын кіріп, қажетті қабатқа көтерілді. Шешуші сәтте олар жылдам әрекет етіп, ер адамды ұстап қалды да, оның өмірін құтқарып қалды". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін Ақмола облысында полиция ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді құрықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған