Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға мегаполистің 500 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы қатысты. Мереке қаланың сегіз ауданының барлығын қамтып, негізгі оқиғалар 18-21 қыркүйек күндері өтті.

Мәселен, KitapFest фестивалін 40 мыңнан астам адам тамашаласа, Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік іс-шараларға 100 мыңнан астам қонақ келді. Ал "Астана" алаңында таңнан кешке дейін 130 мыңнан астам көрермен жиналды.

Қаланың орталық алаңдарында, саябақ пен көшелерінде ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды: Тұңғыш Президент саябағында көлемді Alma Fest-2025 өтті, Панфилов көшесі инновациялық Digital Fest алаңына айналды, ал Арбат KitapFest фестиветінің арқасында нағыз әдебиет орталығына айналды. Бұған қоса, Астана алаңы, Абай алаңы және "Көктөбе" жотасында үлкен концерттер өтті.

Алматылықтар мен қала қонақтарына Роза Рымбаева, "Дос-Мұқасан" ансамблі, Зарина Алтынбаева, Біржан Хасанғали, Бауыржан Мусин, Аружан Данышпан, Ерлан Байназаров, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Il Canto квартеті, "ЖасStars", Александр Лим, Диана мен Ален Самыкеновтер, Жанболат пен Жазира, Салтанат Бақаева, "Ұлытау", "Бақай", "Сардар" топтары, Елбол Қуанбек, Алма Аманжолова, Марал Анарбек, Бақтияр Тайлақбаев, Өктем Алтаев, Бүркіт пен Айша, Медеу Арынбаев, Тамара Асар, Құрмаш Маханов, Бағлан Әбдірайымов, Кеңес Әлімжан, BYTANAT, Еркеш Хасен, Ақылбек Жеменей, Алан Черкасов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосын және тағы да көптеген артист өнер көрсетті.

Гала-концерттердің хедлайнерлері Қайрат Нұртас, TURAR, bellucci, "МузАрт" тобы, Shiza, De Lacure, Adam және Ninety One тобы болды. Қала күні Алматыны Қазақстанның мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін тағы да айшықтай түсті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті