Almaty Marathon: 28 қыркүйекте Алматыда жолдардың бір бөлігі жабылады

Сурет: pixabay
2025 жылғы 28 қыркүйек жексенбі күні Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жыл сайынғы жүгіру жарысы – "Almaty Marathon" өтеді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысының уақытша шектелетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың нақтылауынша, көлік қозғалысы сағат 06:25-те шектеле бастайды және 12:30-ға дейін жалғасады.

Спортшылардың қашықтықты еңсеруіне қарай трассалар кезең-кезеңімен ашылып отырады.

Марафонның сөре және мәре сызығы Республика алаңында орналасады. Осыған байланысты 27 қыркүйек күні сағат 06:00-ден бастап 28 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Берілген деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

27 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесі (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)

27 қыркүйек сағат 18:00-ден 28 қыркүйек сағат 16:00-ға дейін Желтоқсан көшесі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін)

28.09.2025

06:25–09:35 Назарбаев даңғылы (Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін)

Балама жол – Достық даңғылы (екі бағытта)

06:30–09:45 әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін)

Даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

6:35–10:15 әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін)

Даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

7:00–11:00 Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін)

Даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – солтүстік бағытта Бауыржан Момышұлы көшесі арқылы

7:10–11:30 Абай даңғылы (Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін)

Даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі және Қабанбай батыр көшесі арқылы

7:20–12:00 Абай даңғылы (Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін)

Даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

Балама жол – Әл-Фараби даңғылы арқылы

7:30–12:15 Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін)

7:40–12:30 Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін)

Балама жол – батыс бағытта Абай даңғылы арқылы, шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

7:00–08:00 Шашкин көшесі (әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін)

Балама жол – Марков көшесі арқылы

7:10–08:10 Тимирязев көшесі (Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін)

Балама жол – батыс бағытта Абай даңғылы арқылы, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы арқылы

7:15–08:15 Байзақов көшесі (Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін)

Балама жол – солтүстік бағытта Әуезов көшесі арқылы, оңтүстік бағытта Манас көшесі арқылы

7:20–08:40 Құрманғазы көшесі (Байзақов көшесінен Байсейітова көшесіне дейін)

Балама жол – шығыс бағытта Төле би көшесі арқылы

7:25–08:50 Абылай хан даңғылы (Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейін)

Балама жол – солтүстік бағытта Қонаев көшесі арқылы, оңтүстік бағытта Достық даңғылы арқылы

Республика алаңына автокөлікпен жетуге ұсынылатын бағыт:

1. Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін

2. Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін

3. әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы-Тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету

4. Абай даңғылы бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін

5. Шевченко және Құрманғазы көшелері арқылы Желтоқсан көшесіне дейін

6. Метро арқылы "Абай" станциясына дейін

Жабылған жолдарды ескере отырып, жарысқа барудың оңтайлы бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы құруға болады.

28 қыркүйекте Орталық Азиядағы ең ірі жыл сайынғы жүгіру жарысы – "Almaty Marathon" өтеді. Жүгіруді ұнататындар үшін келесі қашықтықтар ұсынылады: 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, 21,1 км, 42,2 км және Экиден командалық эстафетасы. Биыл әлемнің 60-тан астам елінен 16 мың қатысушы сөреге шығады.

Сөре уақыты:

06:30 – 42,2 км қашықтығы мен Экиден сөресі

06:40 – 21,1 км қашықтығының сөресі

07:00 – 10 км қашықтығының сөресі (Speed, A, B, C, D, E, F кластерлері)

07:15 – 10 км қашықтығының сөресі (G, H, J, K, L кластерлері және скандинавиялық жүріс)

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты