+31°С ыстық пен екпіні 41,5 м/с-қа жеткен жел: Қазақстанда қазан айының ауа райы қандай болды
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстандағы 2026 жылғы қазан айының ауа райын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, қазанда ел аумағында ауа райы құбылмалы болды.
Айдың басында еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауса, екінші және үшінші онкүндіктерде антициклонның ықпалы басым болып, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден аз түскен.
Таулы аудандарда алғашқы қар жауып, кей жерлерде қалың қар түскен.
"Сонымен қатар кей күндері еліміздің оңтүстігі мен батысында жаздағыдай жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы +31°С-қа дейін көтерілді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Ай бойы дауылды жел де соғып, екпіні секундына 30–41,5 метрге дейін жеткен.
Астанада ауаның орташа айлық температурасы +6,1°С болып, климаттық нормадан 1,1°С-қа жоғары болды.
"Ең жоғары температура +17,7°С-қа жетсе, ең төменгі температура −5°С-қа дейін түсті. Ай ішінде 31 мм жауын-шашын түсті. Қалыпты мөлшері – 26 мм", – делінген хабарламада.
Ал 2026 жылғы 12, 13 және 14 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын мына сілтемеден білуге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript