Автокөлікті қайта жабдықтау туралы куәлік тек цифрлық форматта беріледі

Фото: pexels
ІІМ көлік құралдарының конструкциясына енгізілген өзгерістердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ақпараттандыру объектілері арқылы беру бойынша пилоттық жоба жүргізу туралы бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – көлік құралдарын қайта жабдықтау рәсімін цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жеңілдету. Атап айтқанда, "Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметі ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілмек.

Сонымен қатар тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында интеграциялық өзара іс-қимылды іске асыру есебінен бірқатар құжаттарды қағаз түрінде ұсыну талабы алып тасталады.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 13 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі