ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандық спортшылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
- Тайисия Короткова (баттерфляй, 100 м) – күміс
- Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 200 м) – күміс
- Маргарита Раенко (шалқалай жүзу, 200 м) – қола
- Қазақстан құрамасы (аралас эстафета 4×100 м, еркін әдіс).
Белгілі болғандай, жүзуден жарыс Гянджа қаласында өтіп жатыр. Барлық ойындар Әзірбайжанның 7 қаласында қатар өтеді. Биыл 13 елден келген 1624 спортшы 23 бағдарламада жүлдеге таласады.
Бұған дейін Мажарстанда өткен ауқымды турнирде қазақстандық гимнаст жеңіс тұғырынан көріне білгенін жазғанбыз.