Ел азаматтарына Қытаймен арадағы шекара уақытша жабылатыны ескертілді

Фото: Zakon.kz
Қытай Халық Республикасының құрылған күніне (2025 жылғы 1–3 қазан) және Күздің ортасы мерекесін (2025 жылғы 6 қазан) тойлауға орай қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті ескерту жасады.

Сонымен , аталған күндері жеке тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктердің өткізілуі жүзеге асырылмайды.

"Сонымен қатар, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, бұл көлік-логистикалық байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді", - дейді мамандар.

 Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және азаматтарды өз бағыттарын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады.

Айта кетсек, автомобиль көліктерін, жүктер мен тауарларды өткізу ережелеріне, соның ішінде ақылы негізде электронды кезек жүйесін қолдану тәртібіне түзетулер енгізілгені белгілі.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі