"Реал Мадрид" Алматыдағы қонақүйге қанша қаражат төледі

Сурет: ihg.com
Алматыға УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы ойынға келген "Реал Мадрид" футбол клубы InterContinental қонақүйіне тоқтағаны белгілі. Осыдан кейін қонақүйдің өзге келушілер үшін жабылғаны жөнінде түрлі әңгімелер тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай әңгімелерге себеп болған жайттардың бірі – қонақүй аумағының қоршалуы және командаға қатысы жоқ адамдарды кіргізбеуі.

Сондай-ақ 29 қыркүйек кешінде ғимараттың барлық терезелері қараңғы болып, қонақүй мүлдем жұмыс істемей тұрғандай көрінген.

Telegram-арна SHOT мәліметінше, "Реал Мадрид" InterContinental қонақүйін 28 қыркүйектен 1 қазанға дейін толықтай жалға алған.

Мұндағы мақсат – футболшыларға тыныш жағдай жасау. Бұл келісімнің құны 278 млн теңгеден асады (шамамен 507 мың АҚШ доллары).

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі