Алматыда Алдар Көсе және Жамақаев көшелерінің аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2-7 қазан аралығында Алдар Көсе көшесінің учаскесінде (Сейфуллин даңғылының үстіндегі айналмалы қозғалыс) автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

Жоба аясында Медеу ауданының тұрғындары үшін магистральдық су құбыры желісін салу қарастырылған. Аумақты батыс жақта Сейфуллин даңғылы, ал оңтүстік жақта Алдар Көсе көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Сонымен қатар 6-26 қазан аралығында әл-Фараби даңғылы мен Алдар Көсе көшесі арасында Жамақаев көшесінде де уақытша шектеу енгізіледі. Мұнда да су құбыры желілерін салу жұмыстары қолға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, уақыша шектеулер туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2Gis және Яндекс карталары сервистерінде жарияланады.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі