Мысыр қазақстандықтар үшін елге кіру ережелерін қатаңдатты

Сурет: pixabay
2025 жылдың 1 қазанынан бастап қазақстандық туристер үшін Мысырға кірудің жаңа талаптары күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туроператорлардың мәліметінше, енді Қазақстан азаматтары Шарм-эль-Шейхке ұшып барған кезде тек Синай мөрін алып, тек Синай түбегі аумағында еркін жүріп-тұра алады. Ал Каир немесе Луксорды аралау үшін келушілер 25 доллар тұратын визаны әуежайға қонған кезде рәсімдеуі тиіс. Бұл үшін қабылдаушы тараптың кепілдік хаты мен келісімі қажет. Егер мұндай құжаттар болмаса, туристерге Каирге баруға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, егер әуежайда Синай мөрі қойылған болса, оны кейіннен визаға ауыстыру мүмкін емес.

Толық туристік пакетсіз, тек әуе билетімен Египетке баратындар алдын ала елшіліктен виза алып, Ұлттық қауіпсіздік қызметінен рұқсат алуы керек.

Бұдан бөлек, 21 жасқа толмаған қазақстандықтардың ата-анасыз (әке немесе анасыз) Египетке кіруіне тыйым салынды. Егер олармен бірге тек жақын туыстары (әже, ата, 21 жастан асқан аға-әпкелері) сапарлас болса, ата-анасының нотариалды куәландырылған келісімі болуы міндетті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы чартерлік рейс жолаушыларына ескерткен болатын: егер сапар толық туристік пакет аясында (қонақүйде тұрумен қоса) сатып алынса, онда жаңа талаптар мен қосымша шектеулер қолданылмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты