Қазақстанда 1,3 млрд теңгелік заңсыз майнинг әшкереленді

Фото: Zakon.kz
2024 жылдың басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі цифрлық активтерді заңсыз өндіруге қатысты 17 қылмыстық іс тіркеді. Келтірілген залалдың жалпы сомасы – 1,3 млрд теңге.

2025 жылдың 3 қазанында ҚМА берген ақпаратқа сай, ең жиі анықталған заңсыз майнинг фермалары Астана қаласында – 6, Шымкент пен Қостанайда – 3 жағдайдан тіркелген.

Аталған істер аясында 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленді.

Айта кету керек, кейбір заңсыз майнинг фермалары электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген (5 ферма). Олардың тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең. Сондай-ақ фермалар орналасқан аймақтардағы тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелген.

Электр энергиясын заңсыз тұтыну салдарынан ресурстар нақты бизнес-жобаларға, өнеркәсіпті дамытуға және әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етуге бағытталмайды. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл салаға тиімді реттеу қажеттігін көрсетеді.

Агенттік Қазақстанда майнингпен айналысу тек лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін еске салады. Заңды қызмет үшін жабдықтың сәйкестігі, энергиямен жабдықтау шарты және салықтық міндеттемелердің орындалуы талап етіледі.

Заңсыз майнинг — қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады, елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, энергиямен жабдықтаудағы ақауларға себеп болады.

Агенттік кәсіпкерлер мен азаматтарды заңсыз майнингпен айналысудан бас тартуға және цифрлық активтердің ашық нарығын дамытуға шақырады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды