2025 жылы заңсыз су алу бойынша ең ірі айыппұл Қостанай облысында салынды

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында заңсыз су алған кәсіпорынға ірі айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, "қара су нарығымен" күрес аясында Тобыл–Торғай бассейндік инспекциясының мамандары арнайы су пайдалану рұқсаттарын талдаған. Тексеру нәтижесінде Рудный қаласындағы бір кәсіпорынның арнайы су пайдалану рұқсатынсыз жер асты суын пайдаланғаны анықталды.

Бұзушылық фактісі бойынша кәсіпорынға 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл сома ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 141-бабының 2-бөлігі ("Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу") бойынша белгіленген.

"Бұл – жыл басынан бері Тобыл–Торғай бассейндік инспекциясы салған ең ірі айыппұл", – делінген министрлік хабарламасында.

Инспекция басшысы Алмат Абжановтың айтуынша, жаңа Су кодексінде енгізілген бақылау тетіктері бассейндік инспекцияларға азаматтардың өтініштеріне, су заңнамасын бұзу фактілеріне және мониторинг нәтижелеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

"Инспекторлар оқиға орнына дереу барып, заңбұзушылық расталған жағдайда әкімшілік айыппұл сала алады. Бұл заңсыз су алуға және "қара су нарығына" қарсы күресті тиімдірек жүргізуге жол ашады", – деді Абжанов.

Бұған дейін Павлодар қалалық қоқыс полигонының мердігерлеріне 28 млрд теңге айыппұл салынған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы