Қазақстанда банкомат арқылы ақша аудару қиындай түседі

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 7 қазанда өткен Үкімет отырысында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов дропперлермен күресудің жаңа тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – банкоматтар арқылы ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдыру схемалары.

"Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осындай операциялардың көлемі өсіп жатыр. Негізгі әлсіз тұс – жіберуші мен алушыны дұрыс сәйкестендірмей, аноним түрде операциялар жүргізуге мүмкіндік бар. Мұндай аударымдар көбінесе басқа адамдардың, яғни номиналды иелердің атына тіркелген карталар арқылы жасалады", – деді Бижанов.

Оның айтуынша, қауіптерді азайту мақсатында бірқатар шаралар әзірленген. Атап айтқанда, 500 мың теңгеден асатын сомада картаға ақша салу кезінде жіберушінің ЖСН-ін (Жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсету міндеттелмек. Бұған дейін тек алушының ЖСН-і ғана талап етілетін.


"Қосымша қауіпсіздік үшін операцияны мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау мүмкіндігі қарастырылуда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап банктер банкоматтардағы бейнебақылау жазбаларын кемінде 180 күн сақтауға міндетті болады. Бұл күмәнді операцияларға қатысқан адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Бет-әлпетті немесе саусақ ізін тану арқылы биометриялық сәйкестендіруді енгізу мүмкіндігі де қаралуда",- деп мәлімдеді ол.

Қайрат Бижанов бұл шараларды іске асыру анонимді қаржылық операциялардың жолын кесуге қосымша тосқауыл болатындығына күмән келтірмейді.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі 24 млрд теңгенің заңсыз айналымын анықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты