Алматының бет-бейнесі: қала басшысы тағы қандай уәде берді

Сурет: Instagram/darkhan_satybaldy_official
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көшпелі кеңес өткізіп, Республика алаңындағы субұрқақтарды қайта жаңарту, қала орталығындағы жаңа саябақты абаттандыру және жерасты газ құбырын салу барысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әкім өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, субұрқақтар — Алматының сәулеттік мұрасының бір бөлігі. Біз олардың тарихи келбетін сақтай отырып, ішкі жүйесін толық жаңартып жатырмыз: заманауи сорғы және жарық жабдықтары орнатылып, суды хлорсыз тазалайтын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген.

Сондай-ақ, қала басшысы Назарбаев даңғылының батыс жағында орналасқан жаңа саябақтың көркейтілуін назарына алғанын жеткізді.

Дархан Сатыбалды Тәттімбет — Луганский — Коккинаки — Қастеев — Бөгенбай батыр көшелері бойындағы жерасты газ құбырын жаңарту барысымен танысқанын да айтты. Жаңа құбыр желісі қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі бірнеше мың абонентті газбен тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, әкім жұмыстардың қарқынын арттырып, барлығын қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

"Әрбір нысан — Алматының инженерлік және қоғамдық инфрақұрылымын жаңғыртудың жүйелі бағдарламасының құрамдас бөлігі",- деп жазды ол.

Бұған дейін Қазақстанда 40 жылда алғаш рет маңызды арна тазартыла бастағанын жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан
Сатыбалды Дархан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты