Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Өңірлік rоммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Оның айтуы бойынша, жобаның басты мақсаты – кесене аумағын киелі әрі тартымды мәдени орталыққа айналдыру, қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи тұлғаның ерлігін дәріптейтін жаңа кеңістік ұсыну.
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
"Құрылыс жұмыстары барысында кесене маңы толық абаттанып, екі жаңа ғимарат салынады. Оның бірі – екі қабатты музей ғимараты. Бірінші қабатта мультимедиалық экспозициялар орналасса, екінші қабатта қазақ батырларына арналған тарихи зал ашылады. Музей замандық VR және AR технологияларымен жабдықталады" - деп атап өтті спикер.
Музейлендіру жұмыстары 2026 жылдың ақпан айында басталып, мамыр айында толық аяқталады деп жоспарланған.
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұл жоба Алматының тарихи және туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, келушілерге Райымбек батырдың ерлік рухын жаңа форматта таныстыруға бағытталған.