Түскі саудада доллар бағамы 540 теңгеден төмендеді

Фото: freepik
10 қазан 2025 жылы сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 539,06 теңге болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,45 теңгеге төмен.

Рубльдің орташа бағамы 6,63 теңгеге дейін (–0,02) төмендеді, ал юань 75,86 теңге болды (–0,03).

Қаладағы айырбастау пункттерінде доллар 539,7–542,7 теңге, еуро 622,5–626,5 теңге, рубль 6,55–6,67 теңге аралығында сатылып жатыр.

Мұнай бағасы да төмендеу үрдісінде. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 65,04 долларды құрап, 0,18 долларға арзандады. Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай бағасы 0,13 долларға төмендеп, 61,38 доллар болды.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі ресми айырбас бағамын төмендегідей бекітті:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі