Абай облысында зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған ауылдасы ұсталды

Сурет: pexels
Абай облысында өзгенің банк шоттарынан қаражат ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аягөз аудандық полиция бөліміне 62 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз тұлғаның оның банк шоттарынан заңсыз түрде ақша қаражатын иемденгені туралы арызбен жүгінді.

Аталған факті бойынша жүргізілген тексеру барысында жәбірленушінің ұялы телефоны арқылы Halyk Bank мобильді қосымшасынан 407 000 теңге және Kaspi Bank қосымшасынан 167 000 теңге көлемінде қаражаттың рұқсатсыз шешіп алынғаны анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын — 574 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аудандық криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік полицейдің үйлесімді жұмысының арқасында аталған қылмысқа күдікті ретінде 25 жастағы Аягөз ауданының тұрғыны анықталып, дер кезінде ұсталды.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. Белгілі болғандай, 62 жастағы тұрғын ұялы телефонын жоғалтып алған, оны ауылдасы тауып алып, банк шоттарынан қаражатын өзге адамға аударған, кейін ақшаны жеке қажеттіліктеріне жарату үшін шешіп алған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео