Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінде қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өтті.

Кездесу барысында тұрғындар баспана, коммуналдық инфрақұрылым, көлік қатынасы, жер қатынастары, денсаулық сақтау және құрылыс саласындағы заңдылық мәселелер көтерді.

Әсіресе әлеуметтік осал топтар – зейнеткерлер, жалғызбасты аналар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің өтініштеріне ерекше назар аударылды. Тұрғын үй бөлу және "Отбасы банк" электронды платформасы арқылы кезекке қою жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар электр энергиясының тұрақсыз берілуі мен коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты өтініштер қаралды. Әкімнің тапсырмасымен тиісті басқармалар мен энергетикалық компаниялар электр желілерін қала меншігіне тезірек қабылдап, үздіксіз электрмен қамтуды қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдайды.

Алатау және Медеу ауданындағы құрылыс нысандарының заңдылығын тексеру бойынша тапсырма берілді. Сондай-ақ қалалық мобильділік басқармасына көлік қатынасын және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бойынша ұсыныстарды қарау тапсырылды.

Бұдан бөлек, шағын бизнеске арналған жер телімдерін бөлу және тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.


"Әр өтініштің артында нақты адам мен оның өмірлік жағдайы тұр. Сондықтан барлық мәселе жеке бақылауыма алынды", – деді қала әкімі Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның мақсаты – халық пен атқарушы билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету. Сонымен қатар қала әкімі күн сайын аудандарға шығып, тұрғындармен кездесіп, берілген тапсырмалардың орындалуын өз бақылауында ұстайды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты