Қазақстан емханаларында пациенттерді қажетті медициналық қызметке бағыттайтын бірыңғай қызмет құрылады

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, пациенты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 16:50 Фото: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жүйесін жетілдіру жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін медициналық қызметтерге онлайн жазылу мүмкіндіктерін кеңейту және жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.

"Министрлік Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда МСАК ұйымдарының тіркеу бөлімдері мен байланыс орталықтары негізінде пациенттерді бағыттайтын бірыңғай қызмет құру көзделген", – делінген жауапта.

Жаңа қызмет мамандары пациенттің өтінішін бастапқыда бағалап, оған медициналық көмекті қайда және қандай тәртіппен алған қолайлы екенін анықтайды. Сондай-ақ пациентті тиісті медициналық қызметке жазып, қажетті ақпарат береді.

Бұған дейін Қазақстанда дәрігерлерге пациенттерді қабылдау кестесін жаңа тәртіппен жасау міндеттелетінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: