Жамбылда Respublica партиясының бизнес-форумы өтті

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Таразда Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы "Болашақтың бизнесі: жаңа мүмкіндіктер мен трендтер" атты бизнес-форум өткізді. Іс-шараға 500-ге жуық кәсіпкер, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері және салалық сарапшылар қатысты.

Форумның мақсаты — кәсіпкерлікті дамыту, тәжірибе алмасу және өңірлік бизнестің жаңа мүмкіндіктерін айқындау болды.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Басқосуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан" атты Жолдауында айтылған басымдықтар талқыланды. Сарапшылар жасанды интеллектті бизнеске енгізудің маңызын атап, цифрлық шешімдердің тиімділігін мысалдармен көрсетті.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Форумның алғашқы спикері, Respublica партиясының тең төрағасы Қуаныш Шонбай кәсіпкерлердің жаңа экономикалық жағдайда бейімделу және инновациялық ойлау мәдениетін дамыту қажеттігін айтты. Ол Тараз жұртшылығының жылы қабылдауына алғыс білдіріп, партияның құрылу кезінде Жамбыл өңірінің қолдауын ерекше атап өтті.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Шарада Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мен партия аппаратының әйелдер кәсіпкерлігі жөніндегі кеңесшісі Айдана Тоғызбаева және басқа да спикерлер сөз сөйлеп, бизнестегі әйелдердің рөлі мен технологиялық жаңарудың мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігіІс-шара соңында Re.Women әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелеріне партияның облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан алғыс хаттар табыс етті. Форумда жасанды интеллектті қолдану мен кәсіпкерлер ынтымақтастығын дамыту жолдары талқыланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты