Энергетика министрі мораторийдің себебін түсіндірді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Әккенженов 2025 жылғы 21 қазанда Ақордада өткен жиында бензин мен дизель отынының бағасына енгізілген мораторий мемлекет тарапынан кеткен қателікті мойындау емес, инфляцияны тежеуге бағытталған шара екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, отын нарығын ырықтандыру процесі тоқтатылған жоқ.


"Президенттің барлық нарықты либерализациялау жөніндегі жарлығы күшінде. Қазіргі кезде бұл процесс уақытша тоқтатылды. Мораторий — соның бір бөлігі. Ол инфляция қалыпты деңгейге түскенге дейін жалғасады. Бұрынғыдай мемлекет бағаны тікелей реттемейді, бірақ біз операторлармен келіссөз жүргізіп, бағаны көтермеуді ұсынып отырмыз", — деді Әккенженов.

Министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып, мораторий — бұл баға саясатының сәтсіздігін мойындау емес, инфляцияны тұрақтандыруға арналған амал екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 29 қаңтарда Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталған болатын. Ал 16 қазанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына бағаның өсуіне мораторий енгізілетіні хабарланды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды