Қазақстанда трансплантация оталары арзандайды

Сурет: pexels
2025 жылдың 21 қазанында Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елімізде орган трансплантациясы саласында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліске денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты заң жобасын ұсынғанын жеткізді. Оның айтуынша, құжат нормалары жазылмайтын ауруларға шалдыққан науқастардың өмір сапасын жақсартуға және ағза не тін ауыстыруға мұқтаж пациенттер үшін трансплантациялық материалдардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында ол орган трансплантациясына қатысты жаңа өзгерісті түсіндірді: енді генетикалық талдау жүргізудің орнына туыстық қатынас тексеріледі.

"Бұл — тірі донор кезінде қолданылады. Яғни, егер донор мен реципиент бауырлар болса немесе ата-ана мен бала арасындағы тікелей туыстық бар болса, генетикалық сараптамамен оны растаудың қажеті болмайды. Зертханаға жіберіп, талдау нәтижесін күту талап етілмейді. Осылайша, қолданыстағы заңнама аясында трансплантацияға рұқсат беру және оны жүргізу процесі жеделдетіледі", - деді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, енді трансплантация оталарының құны да төмендейді — себебі генетикалық сәйкестікті анықтау шығыны алынып тасталады.

"Процесс жылдамырақ болады, өйткені талдау нәтижесін күтуге қажеттілік жоқ. Бұл зерттеу ел бойынша тек төрт-бес ұйым ғана жүргізетін, сондықтан ол ұзақ әрі қымбат болатын", - деп түсіндірді вице-министр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды