Қызылорда облысында отбасылық жанжал шығарған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысында отбасылық жанжал шығарған азаматқа сот 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіне сот үкімімен бір азамат тіркелді. Ол өз жұбайына қол көтеріп, денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін жауапқа тартылған.

Сот шешімімен оған 200 сағат қоғамдық жұмыс атқару міндеттелді. Қазіргі таңда сотталған азамат аудан әкімдігі бекіткен аумақтарда тазалау және көгалдандыру жұмыстарын орындап жүр.

Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша, ол күн сайын 4 сағаттан қоғамдық жұмыс істеп, белгіленген тәртіпті бұлжытпай орындауда.

"Жыл басынан бері осындай жазаны өтеген үш азамат есептен шығарылды. Қазір бөлімде 80-нен астам адам тіркеуде тұр. Есептегі тұлғаларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіліп келеді", – деді Анарбек Искаков.

Қоғамдық жұмысқа тартылған азамат болса, өз ісіне өкінетінін айтып, былай деді:

"Ашуға беріліп, үлкен қателік жасадым. Енді отбасымды қайта қалыптастырып, адал еңбекпен өмір сүргім келеді. Күніне көше сыпырып жүріп, адамның қадірін, тыныштықтың бағасын түсіндім", – деді ол.

Мамандардың айтуынша, қоғамдық жұмысқа тарту жазасы құқық бұзған азаматтарды қоғамнан оқшауламастан, еңбек арқылы түзеуге мүмкіндік береді және олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Тоқаев Жетісу облысының әкіміне Қытаймен шекарадағы Достық пен Қорғастағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды