Полиция балаларды интернеттегі алаяқтардан қорғауға шақырды

Фото: pexels
Тәртіп сақшылары балаларды интернеттегі алаяқтардан қорғау жолдарын еске салды.

Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі маңызды мәселеге айналып отыр. Соңғы уақытта алаяқтар балаларды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдана бастаған.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, танымал онлайн ойындар мен ойын қауымдастықтары арқылы жасөспірімдерді алдауға бағытталған интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен.

Алаяқтар балалармен ойындарға арналған чаттар мен топтарда танысып, сенімге кіреді. Олар "виртуалды ақша" немесе "бонустар береміз" деген сылтаумен түрлі тапсырмалар ұсынады. Басында бәрі зиянсыз көрінгенімен, кейіннен алаяқтар баладан ата-анасының телефонына келген SMS-кодтарды сұрай бастайды. Осы кодтар арқылы олар ата-ананың аккаунттарына немесе банк қосымшаларына қол жеткізеді.

Кейбір жағдайларда балалар алаяқтардың жіберген QR-кодтарын сканерлеп, байқамай ақша аударып жібереді. Тіпті кейбір қылмыскерлер балалардың атына онлайн несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдасына жаратады. Ал егер баланың өз банк картасы болса, "ойын жабдығын" немесе "виртуалды валютаны" арзан бағамен сатып алу сылтауымен алдап соғады.

Полиция ата-аналарға балалардың интернеттегі белсенділігін мұқият бақылап, олармен жиі сөйлесіп, онлайн қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты