Павлодар облысына қарасты Май ауданында полицейлер заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесті

Фото: Zakon.kz
"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер Көктөбе ауылының тұрғыны құрамында спирт бар сұйықтықты заңсыз түрде сатқанын анықтады.
"Әкімшілік іс жүргізу аясында ауыл тұрғынынан құрамында спирт бар алты литр сұйықтық анықталып, тәркіленді. Заң талаптарына сәйкес сұйықтық сот-химиялық сараптамасынан өтті, оның қорытындысы бойынша құқық бұзушылыққа түпкілікті баға берілетін болады", – деді Май ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Жұмагұлов.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізу – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар полицейлер спирттік ішімдіктерді тиісті құжаттарсыз сату заң бұзушылық болып саналатынын және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады