Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) елдегі зейнеткерлер саны мен олардың алатын төлемдері туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің дерегінше, 2025 жылғы 1 қазан жағдайында елімізде 2 миллион 510 мың зейнеткер тұрады.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен жалпы сомасы 3 трлн 158,1 млрд теңге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 1 трлн 22,1 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 2 трлн 136 млрд теңге бағытталды",– делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

2025 жылғы 1 қазанға арналған деректер бойынша республикалық бюджеттен төленетін орташа жиынтық зейнетақы мөлшері – 142 810 теңге.

Оның ішінде:

Министрлік атап өткендей, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға жеке тағайындалады және оның мөлшері адамның зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

Мысалы:

Әрбір қосымша жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғайып отырады.

20 жылдық өтілде базалық зейнетақы тіршілік минимумының 90%-ын, 30 жыл және одан артық өтілде – 110%-ын құрайды.

"Бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет МЗЖ аударылса да, қатысу кезеңі бір ай болып есептеледі", – деп толықтырды министрлік.

Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне (кемінде 6 ай) және зейнетке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысқа тәуелді.

Айта кетсек, 2025 жылғы қыркүйекте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еліміздегі зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер жыл соңына дейін дайындалатынын хабарлаған еді.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды