Мемлекет басшысы: Мемлекеттік маңызы бар кез келген мәселе бойынша шешуші сөзді азаматтарымыз айтуға тиіс

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде халықтың пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасып келеді және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуы – елдің егемендігі мен тұрақты дамуының басты кепілі.

Президент конституциялық реформа мен атом электр станциясын салу мәселесін талқылау барысында халықтың белсенді түрде өз пікірін білдіргенін мысалға келтірді.

"Конституциялық реформа жасалған кезде, сондай-ақ атом станциясын салу мәселесін талқылаған уақытта дәл солай болған. Қазір де солай болмақ. Бұл елімізде жаңа саяси мәдениеттің пайда болғанын көрсетеді. Яғни, қоғам көкейінде жүрген аса өзекті мәселелерді шешудің жаңа дәстүрі қалыптасып жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әрбір азаматтың өз елінің болашағына бейжай қарамай, қоғам өміріне белсене араласуы маңызды екенін айтты.

"Азаматтар өз Отанының келешегіне шынайы алаңдап, оның даму жолында аянбай тер төксе, ұлт шын мәнінде егемен елге айналады. Өзге мемлекеттер де оны солай қабылдайды", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік тек үлкен істерде ғана емес, қарапайым әрекеттерден де көрініс табады.

"Көгалдандырумен айналысу, аумақты таза ұстау, қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализм мен дөрекілікке қарсы тұру – бұның бәрі елге пайдасын тигізетін игі істер. Осындай белсенді азаматтарымыздың жетістіктеріне күн сайын куә болып жүрміз. Бұл халқымыздың жасампаз болмысын паш етеді әрі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді", – деді Президент.

Мемлекет басшысы елдің өркендеуі мен болашағы әр азаматтың белсенді ұстанымына, адал еңбегіне және қоғам алдындағы жауапкершілігіне байланысты екенін баса айтты.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты