450 шаршы метр: Батыс Қазақстан облысында кафеде ірі өрт болды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 26 қазанда таңертең Батыс Қазақстан облысында екі қабатты кафе мен оған жапсарлас дүкеннің шатырында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт шыққан нысан Бәйтерек ауданының Достық ауылында орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілген.

"Тілсіз жаудың ошағы анықталып, оның таралу бағыты есептелгеннен кейін өрт сөндіру бөлімдері бірнеше жақтан лафеттік оқпандарды енгізіп, жалпы ауданы 450 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Оттың бірінші қабат пен дүкен аумағына таралуына жол берілген жоқ", - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ еске салады: қоғамдық тамақтану орындары өрт дабылы жүйесімен, эвакуацияны басқару және хабарлау жүйесімен, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуға тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді