Тоқаев Қызылордадағы орталық стадионды аралап көрді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді.

Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады.

Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар.

Мемлекет басшысы "Қайсар" футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.

"Қайсар" – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Президент футбол добына қолтаңба қойды.


Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді