БҚО-да тыйым салынған өсімдіктерді өсіретін жасырын зертхана анықталды

Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Бәйтерек ауданының 59 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар "қарасора" тұқымдасына жататын өсімдікке ұқсас екі түп табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар үй ауласынан диодты жарықпен, желдеткішпен, электр қуатын беруге арналған таймермен жабдықталған және қабырғалары арнайы қапталған фитозертхана анықталды.

Бөлмені қарау кезінде тәртіп сақшылары өсімдік тектес жемістері бар бір үлкен қорап пен жапырақтары мен бұталары салынған екі полиэтилен қапты тәркіледі. Сараптама нәтижесінде бұл заттардың "қарасора" тұқымдас өсімдіктер болуы мүмкін екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін