Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Берікбол Мәндiбаев қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Берікбол Мәндiбаев 1986 жылдың 12 наурызында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ұлыбританиядағы University of Exeter оқу орнын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы әкімінің аппараты құрылымында қызмет атқарды.

2017–2024 жылдары бірқатар мемлекеттік орган мен ұлттық компанияда еңбек етті: "Алматы" ӘКК" АҚ, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-ның Алматы қаласы бойынша өкілдігі, "Тараз" ӘКК" АҚ.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінде басшылық лауазымдарда болды.

2024 жылдан бүгінге дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды